Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында өткізілетін ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында өткізілетін «Мен-кәсіпкермін» республикалық онлайн Гранд турнирінің (бұдан әрі – Гранд турнир) мақсаттарын, міндеттерін, қатысушылар санатын және өткізу тәртібін айқындайды. 2. Гранд турнир Қазақстан Республикасы жас ұрпағының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және дамыту мақсатында өткізіледі. 3. Гранд турнирдің міндеттері: 4. Гранд турнир пайда немесе басқа табыс алу мақсатын көздемейді, қауіп элементі жоқ, тек ақпараттық сипатта және осы Гранд турнир Ережесіне сәйкес өткізіледі. Гранд турнирге қатысу үшін төлем алынбайды. 5. Гранд турнирдің ұйымдастырушылары: ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті, Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы, "Салалық қауымдастықтар мен кәсіптік білім беру ұйымдарының одағы" ЗТБ, Алматы Менеджмент Университеті (ALMAU), Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі, Алматы қ. 6. Гранд турнирді өткізу мерзімі: 2020 жылдың қараша айының 10 мен желтоқсан айының 15 аралығы. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы желтоқсан айының 1-е дейін. 1. Гранд турнир Іскерлік экономикалық ойын мен Дебаттан (пікірсайыстардан) тұрады. 2. Іскерлік экономикалық ойынға қатысу шарттары 2.1 Қатысушылар: колледж студенттері, 3 адамнан аспайтын колледж командалары. 2.2 Команда жетекшісі ретінде оқу орнының бір өкілі (оқытушы, куратор) тағайындалуы тиіс. 2.3 Іскерлік экономикалық ойын келесі бағыттар бойынша өткізіледі: 2.4 Іскерлік экономикалық ойынға қатысу үшін қатысушы немесе команда Canvas стратегиялық жоспарлау құралын қолданып, бизнес жоспарлауда canvas бизнес моделі ретінде ұсынылған бизнес жобаны (А Қосымшасы) және жобаны қорғау сәті бейнеленген видеоны дайындап, осы видеоны "YouTube" арнасына орналастыруы қажет (көруге мүмкіндік беретін жасырын немесе жеке режимде жүктеуге болады). Видеоның ұзақтығы үш минуттан аспауы керек. 2.5 Үздік жұмыстар жариялы түрде онлайн қорғауға таңдалынады. 2.6 Бизнес жобаны жариялы онлайн қорғауға 10 минут беріледі (бизнес-модельді ұсынуға 5 минут және қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге 5 минут). 2.7 Колледж командалары әр бағытқа бір жоба болған жағдайда бірнеше бағыт бойынша қатыса алады. 2.8 Бизнес-жоба презентациясының жалпы құрылымы: 2.9 Бизнес жобаны бағалау критерийлері: 2.10 Іскерлік экономикалық ойын байқауын өткізу мерзімі (бизнес жобалар конкурсы): 2020 жылдың желтоқсан айының 1-е дейін - Іскерлік экономикалық ойынға (бизнес жобалар конкурсына) қатысуға электронды өтінімдер мен бизнес-жобалардың қорғау сәті бейнеленген видеолардың YouTube каналына сілтемелерін қабылдау ; 2 желтоқсан 2020 ж. - республикалық "Мен-кәсіпкермін" гранд турнирының ашылуы, конференциялар, семинарлар; 2020 ж. 2-4 желтоқсан аралығында - бірінші тур, Іріктеу кезеңі; 2020 ж. 7-9 желтоқсан аралығында - екінші тур, бизнес жобаларды жария онлайн-қорғау; 2020 ж. 15 желтоқсан – "Мен-кәсіпкермін" іскерлік экономикалық ойынының (бизнес жобалар байқауы) қорытындысы мен жабылуы. 3.1 Қатысушылар: колледж студенттері, құрамында 2 адамнан колледж командалары. 3.2 Өткізу форматы: ZOOM платформасы. 3.3 Пікірсайыс турнирін өткізу барысы туралы хабарландырулар, түсіндірмелер мен жаңалықтар арнасы: Telegram (сілтеме сайтта орналасқан cmab.kz). 3.4 Пікірталасты өткізу тілдері - қазақ, орыс, ағылшын. 3.5 Пікірсайыстарды өткізу мерзімдері: 2020 жылдың желтоқсан айының 1-е дейін - дебатқа қатысуға өтінімдер қабылдау; 2020 жылғы 2 желтоқсан - пікірсайыстың басталуы; 2020 жылғы 15 желтоқсан - қорытындылау және пікірталастардың жабылуы.4. Өтінімдер қабылдау және Гранд турнирді өткізу туралы толық ақпарат Халықаралық бизнес академиясы колледжінің сайтында //cmab.kz (басты бетте "Мен-кәсіпкермін" батырмасы) орналастырылған.5.Ұйымдастырушылар талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдерді қабылдамауға құқылы. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жетекшілер ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қаласы білім басқармасының, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының, «Салалық қауымдастықтар мен кәсіптік білім беру ұйымдарының одағы» ЗТБ, Халықаралық Бизнес Академиясының колледжі, атынан әр бағыт бойынша грамоталармен, дипломдармен және алғыс хаттармен, Алматы Менеджмент Университетінің (ALMAU) сертификаттарымен марапатталады.
Telegram арнасы
Республикалық «Мен-кәсіпкермін» онлайн Гранд турнирінің
ЕРЕЖЕСІ
ГРАНД ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
3. Дебатқа қатысу шарттары
ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
Жауапты тұлғалардың байланыс телефондары:
Іскерлік ойын:
Қоштаева Гүлниза Есеналиевна, +7(707)101-66-74.
Байшагирова Саягүл Асылбекқызы, +7 (707) 317-46-07
Кибарина Елена Ивановна, +7 (777) 241-88-50 (WhatsApp арқылы хабарласу)
Қалмағамбетова Айжан Құрманқызы, +7(707)-768-21-34
Дебат (Пікірсайыс):
Сүлейменов Олжас Айдынұлы, (дебат бойынша) +7 (747) 173-22-38
Шлымова Сауле Муратовна, (дебат бойынша) +7 (775) 479-68-75
Сұрақтар
Іскери экономикалық ойын тарихынан «Мен бизнесменмін»