Официальный сайт Колледжа МЕЖДУНАРОДНОЙ АКАДЕМИИ БИЗНЕСА теперь находится по новому адресу: https://cmab.edu.kz

Халықаралық Бизнес Академиясы

колледжіне 2022-2023 оқу жылына оқуға  қабылдау

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «19» қаңтар № 130 қаулысымен бекітілген
«Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
оқуға қабылдаудың Үлгі қағидаларына» сәйкес құрастырылған

1.Жалпы ережелер

1.1 Осы Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Алматы  мемлекеттік  жаңа технологиялар колледжі мекемесіне (бұдан әрі – Колледж) оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы  27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң),  ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №130 «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» қаулысына, Мемлекеттік қызмет «Білім және ғылым саласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 қаулысымен сәйкес оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.

1.2 Колледжде білім алуына  негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.  

1.3 2022-2023 оқу жылының біліктілігі белгіленген мамандық атауы мен  оқу мерзімі осы қағиданың 1 қосымшасында көрсетілген.
Қосымша № 1  Колледжге  оқуға қабылдау қағидаларына  

п/п

Код және мамандықтың атауы

Код және біліктіліктің атауы

Оқыту мерзімі

Негізгі орта білім беру базасында

(9-дан кейін)

Жалпы орта білім беру базасында

(11-ден кейін)

1

04110100 - Есеп және аудит

4S04110102 -  Бухгалтер

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

2

04120100 -  Банк және сақтандыру ісі

4S04120103 -  Банк операциялары жөніндегі менеджер

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

3

04130100 -  Менеджмент (қолдану салалары бойынша)

4S04130101 -  Менеджер

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

4

04140100 -  Маркетинг (салалар бойынша)

4S04140103 -  Маркетолог

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

5

04210100 -  Құқықтану

4S04210101 -  Заңгер

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

6

06130100 -  Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

4S06130105 -  Ақпараттық жүйелер технигі

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

7

10150100 -  Туризм

4S10150105 -  Гид (гид-аудармашы)

4S10150104 - Туризм менеджері

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

8

02310100 - Аударма ісі

(түрлері бойынша)

4S02310101 - Аудармашы 

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

9

04130200 - Логистика

(салалар бойынша)

4S04130202 – Экспедитор

2 жыл 10 ай

1 жыл 10 ай

 

1.4 2022-2023 оқу жылына  қабылдау бойынша  бір  оқу жылының төлем ақысы қағиданың 2 қосымшасында көрсетілген. Төлемақыны ай сайын төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Қосымша 2 Колледжге  оқуға қабылдау қағидаларына 
 

Бір жылдық оқу төлемақысы, теңге

Күндізгі нысан

1

Мемлекеттік тілде оқытылатын топтар үшін

айына 79 000 теңге (оқу жылына – 790 000 теңге)

2

Орыс тілінде оқытылатын топтар үшін

айына 85 000 теңге (оқу жылына – 850 000 теңге)

3

Ағылшын тілі тереңдетілген топтар үшін және "Аударма ісі"

айына 89 000 теңге (оқу жылына – 890 000 теңге)

Қабылдау үшін тіркеу жарнасы - 5 000 теңге.

2Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі. Құжаттарды қабылдауды және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру

2.1 Колледжде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады, ол 20 маусымнан 2020ж 28 тамыз 2020ж дейін қызмет етеді.

2.2 Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы, комиссия мүшелері және техникалық  хатшылар (дауыс беру құқығысыз) кіреді.

2.3 Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
     - күндізгі оқыту бөліміне - 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

2.4 Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3x4 көлемдегі 4 суретті қоса береді.

2.5 Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

2.6 Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
     - шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

     - азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
     - босқын - босқынның куәлігі;
     - пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
     - оралман - оралман куәлігі. 

2.7 Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

2.8 Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

2.9 Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:
     1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі; 
     2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
     3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін тестілеу бойынша өткізіледі;
     4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

2.10 Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

2.11 Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесіне сәйкес айқындалады (Қосымша 3).

 Қосымша 3 Колледжге  оқуға қабылдау қағидаларына  

п/п

Мамандықтың коды

Мамандықтың атауы атауы

Профильді пән атауы

Негізгі орта білім беру базасында (9-дан кейін)

Жалпы орта білім беру базасында (11-ден кейін)

1.       

0201000

Құқықтану

Құқық негіздері

Дүние жүзі тарихы

2.       

1305000

Ақпараттық жүйелер (қолдану аясы бойынша)

Математика

Математика

3.       

0513000

Маркетинг (салалар бойынша)

Математика

Математика

4.       

0515000

Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)

Математика

Математика

5.       

0516000

Финансы (салалар бойынша)

Математика

Математика

6.       

0519000

Экономика (салалар бойынша)

Математика

Математика

7.       

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша)

Математика

Математика

8.       

0512000

Аударма ісі

Ағылшын тілі

Ағылшын тілі

 

2.12 Оқуға түсетін тұлғалар үшін түсу емтихандары:
     - оқудың күндізгі нысанына 1 тамыз бен 20 тамыз аралығында
.

2.13 Түсу емтихандарын өткізу кезінде: тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді;тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады.

2.14 Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.

2.15 Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.

2.16 Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.

2.17 Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

2.18 Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

2.19 Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

3.Білім алушылар құрамына қабылдау

3.1 Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

3.2 Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

3.3 Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.

3.4 Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға болады егер:
     1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем болмаса;
     2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем болмаса.

3.5 Конкурстың шарттары білім алу құқықтарының сақталуына кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті әрі техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

3.6 Білім алушыларды қабылдау жүргізіледі:
     - күндізгі оқыту нысанына 25-30 тамыз аралығында
.

3.7 Колледжге қабылдауды қабылдау комиссиясы мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

Студенттер біз туралы