Туризм


Туризм менеджеріГид (гид-аудармашы)

Мамандық: 10150100 -  Туризм

Біліктілік: 4S10150104 - Туризм менеджері

 

Іскерліктер:

- туристерге қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау;

- алғашқы медициналық көмек көрсету;

- жұмыс орнын ұйымдастыру, еңбек мәдениеті және кәсіби этика ережелерін сақтау;

- туристік жабдықтарды дұрыс пайдалану;

- көліктік қызмет көрсету ережелерін сақтау;

- компьютерлік қамтамасыз ету құралдарын және басқа да ұйымдастыру техникасын пайдалануға;;

- клиенттермен келіссөздер жүргізу;

- өзін-өзі басқару, өз қызметін дұрыс бағалау, біліктілігін арттыру;

- туристік маршруттарды жобалау;

- түрлі туристік саяхаттарды ұйымдастыру және өткізу;

- туристік өнімді жылжыту бойынша жарнамалық науқандар өткізу;

- іскерлік хат алмасуды жүргізу; - экскурсиялар әзірлеу және өткізу;

-нормативтік-техникалық құжаттамалармен, анықтамалық әдебиеттермен және басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істеу;

- жолдама құнының калькуляциясын жасау;

- туристік бизнес кәсіпорындарының өндірістік қызметін талдау және жоспарлау;

- валютамен және төлем құжаттарымен жұмыс істеу;

- хат-хабарларды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізу және қарым-қатынас жасау;

- құжаттарды құрастыру және рәсімдеу.

 

Дағдылар:

- турларды қалыптастыру;

- турпакетті қалыптастыру;

- клиенттермен жұмыс;

- тұтынушылардың сұранысын зерттеу;

- турларды жинақтау және қызмет көрсету бағдарламасын құру;

- туристерге қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету;

- туристік өнімді жылжыту әдістерін меңгеру;

- қызметтерді жеткізушілермен шарттар жасасу;

- туристік өнімнің құнын есептеу;

- туристік құжаттаманы ресімдеу техникасы мен қағидалары (турпутевкалар, ваучерлер, сақтандыру полистері және т. б.),

- туристік құжаттаманы есепке алу және сақтау;

- клиенттермен келіссөздер жүргізу;

- туристік бағыттарды жобалау;

- түрлі туристік саяхаттарды ұйымдастыру және өткізу;

- туристік өнімді жылжыту бойынша жарнамалық науқандарды өткізу.

Мамандық: 10150100 -  Туризм

Біліктілік: 4S10150105 -  Гид (гид-аудармашы)

Гид аудармашы - бұл туристер үшін бөтен елде олардың тілін жетік меңгерген маман. Ол клиенттерге келген елдің тарихының, мәдениетінің, сәулетінің және қазіргі өмірінің барлық ерекшеліктерін қолжетімді түрде жеткізе алады.

Біліктілік сипаттамасы

  • Гид-аудармашы - кең ой-өрісті, қоршаған әлемге қызықты көзқарасы бар, ол туристермен бірге келген елге тән ең қызықты мәліметтермен бөлісе алатын белсенді, көпшіл адам.
  • Гид-аудармашы ұтқыр және күтпеген жағдайларға дайын болуы қажет. Ол туристердің әрқайсысына көзқарас таба білуі керек, туындаған қақтығысты жоя алады немесе өз қамқорлығындағы адамдардың өтініші бойынша экскурсия бағдарламасының жоспарын өзгерте алады.

МАНСАПТЫҚ ӨСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  • Гид-аудармашының мансабы оның жұмыс тәжірибесіне, шет тілін білу деңгейіне, географиясын және туристерімен бірге жүретін елдегі мәдени құндылықтарды білуге байланысты.

ЕҢБЕК МІНДЕТТЕРІ

  • Гид-аудармашы өзіне аудармашының, экскурсоводтың, әкімшінің және тіпті психологтың кәсіби дағдыларын ұштастыруы тиіс. Шет тілін жақсы білуден басқа, ол экскурсия жүргізетін елдің тарихы, ұлттық және саяси ерекшеліктері туралы ақпаратты жақсы білуі керек. Гид-аудармашының білімі туристерге олардың барлық сұрақтарына сенімді және сауатты жауап беруі үшін жеткілікті болуы керек. Гид-аудармашы өзінің экскурсиялық тобындағы адамдардың қауіпсіздігі үшін жауап беруі тиіс.

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

Студенттер біз туралы