"Мен-кәсіпкермін" республикалық онлайн Гранд турнирінің басталуы
Бүгін 2020 жылдың 2 желтоқсанында "Мен-кәсіпкермін"республикалық онлайн Гранд турнирі басталды. Турнирдің ашылу салтанатында ҚР БжҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Оспанова Н.Ж., Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жұманов Қ.І., Алматы Менеджмент Университетінің президенті Кожахметов А.Б., Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Кошмамбетов А. С. құттықтау сөз сөйледі.
2020 жылдың желтоқсан айының 2- 4 аралығында іскерлік экономикалық ойын конкурсының (бизнес жобалар конкурсы) 1-туры өтеді. Бизнесті қорғау жобаларының видеосын бағалауға Қазақстан Республикасының 30-дан астам кәсіпкерлері мен бизнесмендері шақырылды. Қазылар алқасының мүшелерін үлкен және тынымсыз еңбек күтіп тұр. Екінші кезеңге үздік бизнес жобалар өтеді. 1 турдың нәтижелері ХБА колледжінің сайтында жарияланады.
Баршаңызға табыс тілейміз!