Республикалық талқылауға қатысушылардың пікірлері

19 Ноябрь 2021

«Жастар.  Кәсіпкерлік.  Көшбасшылық" Республикалық панельдік талқылауды өткізу барысында және қазіргі кезге дейін іс-шараны ұйымдастырушыларға қатысушылар тарапынан  180-нен аса пікірлер  қабылданды және қабылдануда.  Құрметті әріптестер мен студенттер – «Жастар.  Кәсіпкерлік.  Көшбасшылық » Республикалық панельдік талқылауға катысушылар осындай жылы лебіздеріңіз үшін шынайы алғысымызды қабыл алыңыздар.  Бізге деген назарларыңыз бізге ерекше әсер қалдырады.  Біз сіздердің тамаша сөздеріңізді панельдік пікірталас спикерлері Щеглов С.А., Жұлдызбаев Н.Е., Тосқанбаев А.А., Абдуллаев Р.Қ., Аманбаев А.Б., Лян Л., Мұсабеков М.М., Казанцев Д.А.А., Рудяга Ю.А., А.Жигитоваға жеткіземіз.

Пікірлер

Отандық өнімдерді өндіру арқылы Қазақстан экономикасын дамыту, жас кәсіпкерлерге мүмкіндік беру, “Кәсіпкерлік қызмет негіздері” пәнін оқытатын мұғалімдерге қолдау көрсету сынды басты мәселерді қаптитын өте маңызды жоба екен. Алғаш рет қатыстым. Тәжірибе алмастым. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Ең бастысы еліміздің әлемнің озық елдерімен терезесі тең тұрса екен. Тұтынушы емес, өндіруші ел болайық. Өндірісте жұмыс жасайтын жас кәсіпкерлерге, стартаптарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, көп проблемалар осындай жобалардың көмегімен шешімін табады деп ойлаймын. Рақмет сіздерге (Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі)

Маған барлығы ұнап жатыр, сонымен қатар қызықтырып отыр. Үлкен құзыретті қызмет органдарын көріп, мотивация алудамын (N1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі)

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

Студенттер біз туралы