Кітапхана
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері мен көшбасшыларының жаңа ұрпағын даярлаймыз Колледждің миссиясы
Колледждің білім беру және тәрбие ісінде кітапхананың алатын орны ерекше.
Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты – педагогикалық құрамды және білім алушыларды кітаппен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдеріне үйрету, материалдарды іздеуге және талдауға үйрету және оқу әрекетінің ақпараттық қамтамасыз ету ептіліктері мен икемділіктеріне дағдыландыру, өзгерістерді тез арада сезінуге, сын көзімен ойлануға және қажетті ақпаратты қайта қарауға үйрету.
Қазіргі кездегі білім беру ортаның жағдайында кітапхана оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетумен шектелмей, білім саласына қойылған стратегиялық міндеттерді шешуге тиісті:
- балаларды жалғыз қалған мәдениет институтын сақтау тәсілі - кітап оқуға ынталандыру;
- барлық білім беру процесінің ақпараттық қолдауын ұйымдастыру;
- білім берудің инновациялық мақсаттарын жүзеге асыру ісінде қосымша білім берудің кітапханалық технологияларын және тәжірибесін қолдану.
- оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
- ақпараттық қоғам жағдайында оқытушылардың және студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасау;
- оқырмандардың ақпараттық көзқарасын қалыптастыру;
- оқу залында ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- білім алушылардың өзіндік жетілдіруіне мүмкіндік беретін кітапханада ақпараттық-білім алу ортасын қалыптастыру;
- ақпараттық массивті тиімді қалыптастыру мақсатында педагогтар мен білім алушылардың ақпараттық қажеттілігін үнемі зерттеу;
- алдағы уақытта кітапханалық процестерді компьютерлеу, педагогикалық ақпарат банкісін кеңейту және электрондық каталогты толықтыру;
- іштегі кітапханалық жұмыстың тиімділігін арттыру.
Кітапхана жұмысының негізгі міндеттері
Кітапханадағы жұмыстың негізгі бағыттары
Білім беру — колледждің және оқу бағдарламасында көрсетілген білім беру мақсаттарын қолдау және қамтамасыз ету.
Ақпараттық - түрлерінің, нысандарының, ақпарат иелерінің тәуелділігінен тыс ақпараттық ресурстарды қолдануға мүмкіндік беру.
Мәдени - эмоционалдық дамуға жағдай жасайтын мәдени және әлеуметтік санасезімді тәрбиелейтін шараларды ұйымдастыру.
Тәрбиелік – мемлекетке, туған жеріне патриоттық сезімді дамытуға жағдай жасау; білім алушылардың әлеуметтенуіне көмектесу.
Кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру:
- сайтта ақпаратты жаңарту;
- ақпараттың жеке банкін жинақтау;
- дара қызмет көрсету (оқу тақырыбын анықтауға көмектесу, тақырыптық сұраныстарды орындау, ақпарат көздерімен таныстыру, әдебиетті іріктеу);
- кітап көрмелері, ұсынылатын әдебиет тізімі арқылы, жеке әңгімілер ретінде, ақпараттық күндері кезінде кітапханалық қорды насихаттау;
- жаңа оқырмандарды қайта тіркеу;
- тіркеуге алынған жаңа оқырмандарды кітапхана ережелерімен, оқу мәдениетімен таныстыру;
- кітапханаға келуші оқырмандардың мониторингін жүргізу(2 айда 1 рет);
- кітапхана жұмысы туралы педагогтар және студенттер арасында сауалнама жүргізу.