Оқу-өндірістік тәжірибе
ХБА колледжінде тәжірибеден өту жоғары білікті маман дайындаудың маңызды бір бөлігі болып табылады. Сол үшін колледжімізде оқу-өндірістік тәжірибе жүргізіледі.
Оқу-өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері мынадай:
- теориялық оқуды заманауи өндіріспен байланыстыруды қамтамасыз ету;
- мамандық бойынша қажетті білім және тәжірибелік жұмыс өтілімен қаматамасыз ету;
- кәсіби қызметтік дағдыларын дамыту және студенттердің бейімделу үрдісін қысқарту;-колледжді бітіргеннен соң студенттердің жұмысқа тұруларына жағдай жасау.
Мамандық бойынша оқу тәжірибесі оқушылардың білімдерін көтеруге бағытталған, сондай-ақ бастапқы тәжірибеден өту таңдаған мамандықтары бойынша жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін игеру үшін керек. Оқу тәжірибесі колледж қабырғасында және оқу орталықтарында жүргізіледі.
Өндірістік тәжірибе мамандық бойынша өндіріс орындарында немесе арнайы ұйымдарда жұмыс істеу арқылы жүргізіледі. Өндірістік тәжірибе студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптасыру және мамандық бойынша тәжірибелік жұмыстың өтіліне ие болу мақсатында өткізіледі.
Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу мақсатында колледжіміз Алматы қаласындағы базалық кәсіпорындар мен ұйымдарға барып келісімшартқа отыру үшін үлкен жұмыстар жүргізеді:
- Екінші деңгейлі банктер: АҚ «Еуразиялық Банкі», АҚ «АТФ Банкі», АҚ «БанкЦентрКредит», АҚ «Казкоммерцбанк», АҚ «Кaspi Bank»;
- Микронесиелік ұйымдар;
- Сауда үйлері: СҮ «Сулпак», СҮ «Технодом», СҮ «Магнум», СҮ «Электроника әлемі»;
- АҚ «БИПЭК АВТО КАЗАХСТАН»;
- АҚ «ҚАЗПОШТА»;
- АҚ «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ»;
- АҚ «АЛМА ТВ»;
- Алматы қаласының аудандық соттары;
- Алматы қаласындағы нотариалдық кеңселер;
- ТҚК «Сапа Аудит»;
- Аутсорсингті компаниялар;
- Аударма агенттіктері.
Өндірістік тәжірибеден өту кезінде студенттерге жетекші тағайындалады. Тәжірибе жетекшілері колледж бен ұйым немесе кәсіпорын жетекшілері арасындағы байланысты қалыптастырып отырады және тәжірибенің жұмыс оқу бағдарламасын құрастырады, әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлейді, студенттерді кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс орындарына бөледі, тәжірибенің өту барысын қадағалап отырады, студенттердің есеп беру кезінде туындайтын қиындықтарға әдістемелік көмектерін көрсетеді. Тәжірибеден өту кезінде студенттер тәжірибелік күнделік толтырады.
Студенттер өндірістік тәжірибеден өткен соң жұмыстарының нәтижесін көрсету мақсатында презентациялық материалдар мен рәсімделген құжаттамалар арқылы есеп береді.
2018-2019 жылғы оқу жылындағы оқу үрдісінің кестесі
Тәжірибеден өту үшін керекті құжаттар:
Келісімшарт формасы
Тәжірибеден өтушіге арналған ескертпе қағаз
Күнделік формасы
Әдістемелік нұсқаулықтар
Сізге алғыс хаттар мен кері байланыс
Фотогалерея