Воскресенье, 18 Февраль 2018 19:25

Бизнес мектебі

Written by
Rate this item
(0 votes)

Кәсіпкерлік және бизнес мектебі


 ТжКБ инновациялық кәсіпкерлік оқу орны Халықаралық бизнес академиясының колледжі «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері мен көшбасшыларының жаңа ұрпағын даярлаймыз» деп аталатын миссиясына сәйкес әлеуметтік тұрғыдан табыстарға жеткен тұлғаның қалыптасуына және тәжірибелік дағдылар  мен кәсіби құзыреттілікке иеленген бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға  бағытталған өзінің білім беру іс-әрекетін жүзеге асырып жатыр.

Миссияны іске асыру барысында Халықаралық бизнес академиясы колледжінің базасында жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша Үйлестіру орталығын құру ерекше орын алып отыр.

Үйлестіру орталығында 2016 жылы құрылған «Вектор успеха» атты студенттердің  Кәсіпкерлік және бизнес мектебі мен  клубы жұмыс істейді.

Үйлестіру орталығы өз қызметін Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы, Алматы қаласының Білім беру басқармасы, Алматы қаласының Колледждер Ассоциациясымен бірлесіп жүзеге асырады.

Халықаралық бизнес академиясының колледжінде жұмыс істейтін Кәсіпкерлік және бизнес мектебі студенттердің бірінші курстан бастап «өз ісі» туралы арманын анықтайды және барлық оқу жылдарында студенттің мүдделерін ескере отырып, оны іске асыруға жетелейді.

«Вектор успеха» Кәсіпкерлік және бизнес мектебі жұмысының бағыттары:

  • 2011 жылдан бастап Халықаралық бизнес академиясы колледжінің бастамашылық етуімен «Мен-кәсіпкермін» Іскери экономикалық ойынды өткізу. 2017 жылы VІІ жыл сайынғы Алматы қаласындағы колледждер  студенттерінің арасында «Мен-кәсіпкермін» іскери экономикалық ойын  Алматы әкімшілігінің қолдауымен өтеді;  
  • 2017 жылдың қыркүйегінде жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде ХБА колледжінің 3-інші курсының 19 студенті Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық Палатасымен ұйымдастырылған «Школа молодого предпринимателя» курстарында оқыды. Оқу бағдарламасы бойынша бизнес-моделирование әдістері, жоспарлау әдістері, идеяларды іздеу, бизнес-жоспарын құру оқытылды. Бағдарлама спикерлері Лазарева Людмила, Мусабеков Малик, Исимова Сандугаш болды.

Жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша Үйлестіру орталығы жұмысының бағыттары:

  • бар қолдау әдістері туралы және жастар кәсіпкерлігіне мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұйымдар туралы жастарға хабардар етуге ХБА колледжінде ақпараттық базаны қалыптастыру;
  • жастарға актуалды білім мен дағдыларды алуға, ақпарат алмасуға, өз идеяларын жетілдіруге, сарапшылардан кеңес алуға мүмкіндік беретін орындарды ұйымдастыру;
  • Жастар кәсіпкерлігі бойынша тізілімді құрастыру;
  • Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасының тізіліміне енгізу үшін Үздік диплом жобаларын және стартаптарды конкурстық іріктеу арқылы Жастар кәсіпкерлік жобаларын  алға жылжыту;
  • Сәтті кәсіпкерлік әрекетіне қажетті ынталандыруды және мінез-құлық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында дәстүрлі оқу орындарында білім беру мазмұнына өзгертулер енгізу;
  • Алматы қаласы Білім беру басқармасы Әдістемелік кабинеті, Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы көмегімен студенттерді және колледж түлектерін кәсіпкерлік әрекетіне оқыту бойынша ТжКБ жүйесінің инженер-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады және өткізеді.

Read 947 times Last modified on Суббота, 05 Январь 2019 03:14

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

Студенттер біз туралы