Маркетинг
Мамандық: 0513000-Маркетинг (салалар бойынша)
Біліктілік: 0513053 – Маркетолог
Маркетинг - бұл мақсатты нарықты дұрыс таңдау, тұтынушының санын көбейту, ұстап қалу және компания үшін ең жоғары құндылықты білдіретін сатып алушының сенімін қалыптастыру, сондай-ақ «тұтынушылық проблемаларды түсіну және нарық әрекеттерін реттейтін жүйелі және мақсатты процесс». Маркетолог –өндірілген тауарларға және тауар нарықтарына сұранысты талдайтын фирма немесе компания қызметкері.
Маркетологтың жұмыс процесі компанияның басшылығына белгілі бір өнімді шығаруға және сатуға болатындығын анықтайтын ұсыныстарды беру болып табылады.
Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері - нарық (тауар, қор, ақпарат, капитал, еңбек және т.б.), шаруашылық жүргізуші субъектілердің маркетингтік мүмкіндіктері, маркетингтік зерттеулер, тұтынушылар, жеткізушілер, делдалдар, байланыс аудиториялары, бәсекелестер, өндіріс және тұтыну мақсаттары үшін тауарлар, қызметтер, жарнама, қоғамдық қатынастар, жеке байланыстар, сатуды жылжыту); мемлекеттік мекемелер, сервистік кәсіпорындар (қонақ үйлер, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, туристік фирмалар, экскурсиялық бюро), өнеркәсіптік және делдалдық кәсіпорындар, халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, көлік және коммуникациялар, қоймалық, саяси білім беру, қоғамдық ұйымдар, жеке тұлғалар мен қоғамдар.
Осы бейіндегі мамандар әр түрлі бағытта маркетингтік зерттеулер жүргізуі тиіс. Мұндай маркетингтік іс-шараларды өткізу маманнан басқару, бизнес және кәсіпкерлік қызмет принциптері мен әдістерін меңгеруді; экономика, менеджмент, қаржы, несие, бухгалтерлік есеп және аудит, эконометрика салаларында жоғары кәсіби құзыреттілікті талап етеді.
Колледж түлектеріне оқуды жалғастыру мүмкіндігі: жоғары кәсіптік оқу орындарында қысқартылған оқу бағдарламасымен оқу; дағдыларды дамыту үшін тиісті министрліктер мен ведомстволардың оқу-әдістемелік орталықтарында оқу.
Студенттер кәсіби тәжірибеде практикалық білім алады.