Пятница, 02 Февраль 2018 18:11

Курстар

Written by
Rate this item
(0 votes)

Дайындық курстары


Оқушылар 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түсу үшін өз ыңғайына байланысты дайындалады. Біреулері дербес дайындалады, ал кейбіреулері репетиторлардың жеке сабақтарын қалайды. Бірақ көбінесе көпшілігі даярлау курстарын таңдайды. Не себептен? «Баға-сапа» оңтайлы ара қатысының артықшылығы тартады. Себебі, колледждің оқытушылары талапкерлерге пәннің ерекшелігін түсіндіреді және өз күшіне сенетіндердің жіберетін әдеттегі қателерін болдырмауға көмектеседі.

Көп оқытушылар талапкерлердің өз білімін дұрыс пайдалана алмайтынын айтады, себебі өз тарапынан олар колледжге түсу емтихандарының өткізу процесін, жұмыстардың рәсімделу талаптарын, есептердің түрлерін, процестің құрылымын басқалардан жақсы біледі; сонымен қатар олар барлық өзгертулермен және  еңгізілімдермен таныс.

Сондықтан осы курстардан өткендер тапсырмаларды орындауға көмек ережелерін білуге және басқа да ұйымдастыру жәйттарына уақытын жібермейді.

Колледжде өтетін сабақтар болашақ мамандығының атмосферасын сезінуге, оқытушылармен араласуға, емтихан процесінің ерекшелігін білуге мүмкіндік береді. Колледжбен танысу қосымша стресті болдырмауға көмектеседі. Алайда басқа талапкерлер алғаш рет колледждің табалдырығын аттап, аудиторияны іздеп жүрген кезде, курстар бітіргендерге барлығы таныс болады: дәліз де, баспалдақ та.

 Даярлау курстарында талапкерлер кәсіби бағдар және оқу бағытын таңдау бойынша кеңес ала алады. Сабақ беру кезінде дара тіл табу тиімді, себебі оқытушы талапкердің білім деңгейін, оның психологиялық ерекшеліктерін ескереді. Даярлау курстарында білім алу талапкерлерге «оқығым келеді» және «оқи аламын» категорияларына екпін қоюға және мамандық таңдауға мүмкіндік туғызады.

ХБА колледжі негізінде колледжге түсушілер үшін даярлау курстары жұмыс істейді. Курстар оқыту тіліне және мамандығына байланысты 2 сағат(1сағат –орыс(қазақ) тілі және 1 сағат- математика (Адам және құқық немесе ағылшын тілі) жүретін 8 сабақтан тұрады. Курстардан өтіп, емтихан талаптарына максималды ұқсас тапсырмаларды орындап, сіз бүгін ертеңгі күнге өзіңізге сенушілікпен үміт артасыз. Курстарға жазылу мекенжайы: Алматы, Розыбакиев көшесі, 227.

 

Курс тыңдаушылары: 9, 10, 11 сынып оқушылары; колледж оқушылары 
Оқыту ұзақтығы: 4 апта (8 сабақ)
Оқыту : қазақ тілі, орыс тілі
Курстың өткізілу уақыты: сейсенбі және бейсенбі сағат  15.00-ден 17.00 (сабақ кестесі оқушылардың қалауымен ұйымдастырылады) 
Оқу үрдісі тыңдаушылардың жинақталуына байланысты құрылады (15 тен кем болмайды) 
Өтініштерді қабылдау желтоқсан айынан маусым айы аралығында жүргізіледі
Курстың құны: 30 000 теңге 
Байланыс телефондары: +7-707-846-45-06 

Курс жайлы пікірлер


 

 

Read 1228 times Last modified on Пятница, 28 Декабрь 2018 10:21

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

Студенттер біз туралы