Жоғары білім беру мәселелері бойынша ұйымдастырылған көрме
Қыркүйектің 25-нде Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінің ағылшын топтарының студенттері Жоғары білім беру мәселелері бойынша «Мирас» халықаралық мектебінде ұйымдастырылған дәстүрлі көрмеге қатысты. Көрмеге Еуропа, Америка, Канада және Азияның 23 жоғары оқу орны қатысты.
Осы шараға «Мирас» мектебінің оқушыларымен қатар қаланың басқа мектептері мен колледждерінің білім алушылары да шақырылды. Шетел жоғары оқу орындарының өкілдері талапкерлерді қабылдау, оқу бағдарламасының мазмұны, кәсіптік бағдар, қаржылық қолдау, студенттер өмірі, тұру жағдайлары және гранттар туралы толық мәлімет берді.