«I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру»

05 Октябрь 2018

Қыркүйектің 24-інен Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінің студенттері British Council және «Шеврон» компаниясының серіктестік жобасының  «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру»   бағдарламасы бойынша оқып жатыр.

Бағдарлама шеңберінде студенттер әлеуметтік жобаларды дайындайды және іске асырады. Соның арқасында олар әлеуметтік мәселелерді жобалау және нәтижелі шешімге келуден  практикалық тәжірибе алады, бұның өзі бағдарламаның өте маңызды  қорытындысы болып саналады.

Бағдарламаға қатысу кезінде білім алушылар қаланың әлеуметтік белсенділігінің орталығына айналады  және педагогтардың жетекшілігімен тұрғындардың әлеуметтік белсенділігіне қолдау жасай алады.

*I-SEED жобасы Қазақстандағы әлеуметтік белсенді жастарды қолдауға және әлеуметтік мәселелерді  әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы тұрақты шешу үшін жағдай жасауға бағытталған. Жоба Қазақстандағы белсенді жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетінің дамуына көмектеседі.

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

Студенттер біз туралы