БАҚЫТТЫ БОЛУ ЗЕРТХАНАСЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ СЕМИНАР
Колледж оқытушылары үшін 25 қаңтарда ALMAU-да «Бақыт зертханасын құру» семинары өтті. Семинарда Хасанова Н. мен Кадирбергенова А. тәжірибелерімен бөлісіп, бақыт зертханасын құру және оның жұмыс бағыттары туралы әңгімеледі. Мемлекеттік деңгейде азаматтардың бақыты туралы сөз еткен бірінші ел - Бутан, ал әлемдегі ең бақытты адамдар Финляндияда тұрады. Колледж оқытушылары семинар соңында өздерінің бақыт формуласын жасады. Бақытты болу үшін бізге отбасы және оның амандығы, денсаулығы және сүйікті ісі қажет. Барлықтарыңызға бақыт тілейміз!