Х ғылыми-практикалық КОНФЕРЕНЦИЯ
МАБ колледжінде 2020 жылдың 22 қаңтарында жыл сайынғы "Оқыту үшін оқу"педагогикалық оқуларының ашылуы өтті. Педагогикалық оқуларды колледж директоры А. А. Хисматуллина ашып, барлығына жемісті жұмыс тіледі. Педагогикалық оқулардың бірінші шарасы-"Білім берудегі креативті әдістемелер немесе студенттердің шығармашылық күшін босату және іске асыру жолдары" атты ғылыми-практикалық конференция. Конференция оқытушылардың кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, оқытушылардың өзін-өзі дамытуға деген ынтасын арттыру мақсатында өтті. Колледж оқытушылары өзекті педагогикалық тақырыптарға баяндамалар жасап, шығармашылық ойлауды дамыту бойынша жобалау ойлау, синектика, өнертапқыштық есептерді шешу теориясы, CRAFT технологиялары, латералдық ойлауды дамыту технологиялары сияқты креативті әдістемелермен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.