Қозы Көрпеш - Баян Сұлу

26 Апрель 2019

        15 ақпан күні Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінде Ғашықтар күніне арналған қыздар мен жігіттердің «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» байқауы өтті.

        Байқауға Отелло мен Дездемона, Шурик  пен Нина, Джокер мен Харли, Қозы Көрпеш  пен Баян Сулу, Ромео  мен Джульетта, Евгений Онегин мен Татьяна Ларина, Эдвард пен Белла, Флин мен Рапунцель, Сұлу  мен Құбыжық, Стефан мен Малефисента, Мистер  мен  миссис Смит, Джек пен Роуз, Д`Артаньян мен Констанция рөлдерін ойнаған жұптар қатысты.

        Байқау үш кезеңде өтті: сәлемдесу,, шығармадан үзіндінің сахналық көрінісі, шығармашылық нөмір.

        Джокер мен  Харли бейнесін сомдаған жұп сахнада нағыз «feelingті»,  Қозы Көрпеш  пен Баян Сұлу- батылдық және абыройды, Евгений Онегин мен Татьяна Ларина қойылымда адал сезімді көрсетті.

        Байқау өте қызық өтті, себебі кезеңдерде көрермендер барлық топтардың  жақсы дайындығын тамашалады.

        Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша "Инста-пара" номинациясын 12МР студенттері Абдуллаев Каримжан  және Юй Анастасия  жеңіп алды(Евгений Онегин мен Татьяна Ларина). Бірінші орында- 11ЭК студенттері Одилжонов Ботирбек және Григорьева Елизавета (Козы Корпеш - Баян Сұлу), екінші орында -13МН студенттері Кайролла Тамерлан және Марлен Томирис, үшінші орын 12 МН студенттері Бодров Артем, Ким Ольга және 11МР студенттері Махметов Илиас пен Чернова София бөліп алды.

        Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар тапсырылды.

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

Студенттер біз туралы