Конкурс «Наурыз»
Праздник Наурыз - один из самых древних праздников на Земле.
Он отмечается уже более пяти тысяч лет как праздник весны и обновления природы многими народами этот праздник сохранился в народной памяти, и в настоящее время приобрел новый духовно-этический смысл. Весенний праздник Наурыз традиционно отмечают тюркоязычные народности практически по всему миру. Его написание и произношение могут различаться в разных странах – Новруз, Навруз, Нуруз, Невруз, Наурыз, Нооруз и др. Наурыз символизирует обновление природы и человека, очищение душ и начало новой жизни и нового года! В сентябре 2009 года Наурыз был включен в репрезентативный список нематериального культурного наследия человечества ЮНЕСКО, а в конце февраля 2010 года 64-я сессия Генеральной Ассамблеи ООН объявила 21 марта Международным днем Наурыза. Рады Вам показать результаты конкурса, приуроченного к данному Международному празднику Наурыз.
Эссе Жыл басы Аллаярова А. 12-МН
Наурыз мерекесе қазақ халқы үшін ең маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Бұның бірден-бір себебі Наурыз мерекесі күн мен түннің теңелген уақытына сай келеді, сол себепті осы күні жылдың басы, жаңа өмір бастауға себепші деген ниетпен тойланады. Наурыз мерекесін тек қана қазақ халқы емес сонымен қатар түрік, өзбек, иран, пәкістан, тәжікстан тағы да басқа көптеген ұлттар атап өтеді. Сол себепті бұл мереке 2010 жылдың 10 мамырынан бастап халықаралық мереке деп БҰҰ бекіткен. Біздің халық Наурыз мерекесін Ұлыстың Ұлы күні деп атайды. Бұлай атауының да себебі айқын.Көктемнің басы, көк шығып, даланың әсем күйге енуі, қораның малға толып ақтың молайған кезі яғни береке мен молшылықтың бастамасы болғандықтан, ұлтқа қуаныш әкелетін ұлы күн деп атаған. Бұл мерекеге халқымыз аса мән береді. Жылдың басын қандай көңіл-күймен бастасаң жыл бойы сондай көңіл-күймен жүресің деп пайымдаған халқымыз. Бұл сөздерді біз заманауи психологиядада естиміз, алайда халқымыз оны сонау ескі ғасырлырдан білгенін байқау қиын емес. Бұл күні наурыз көжесі қайнамайтын қазақ шаңырағының болуы жоқтың қасы. Наурыз көженің құрамына жеті түрлі тағамның қосылып дайындалуында да үлкен мән жатыр түсінген жанға. Бұл күні ағаш отырғызып, бұлақтардың көзін ашу дәстүрі бар. Ал қазір ші ағаш отырғызудың орнына оны жаппай жлю шаралары қолға алынып тіптен дәстүрге айналып бара жатқандай. Бұл қалай болғаны сонда әр адам өз пайдам екен деп барлық ағаштарды жоя беретін болсақ бізді асыраушы табиғат қайдан қалсын. Бұл күні халқымыз ренжіткен жандары болса кешірім сұрап, бір мәмілеге келген. Бұл әрекет арқылы ұлтымыз татулық пен сыйластықтың маңызды екендігін үндейді. Бұл күні ауылдың барлығы жиналып кішісі, үлкені, жастар болып абыр-сабыр көңілді күйде мерекені тойлайды. Бүл асыл күннің халқымызда тойлануының өзі бір ғанибет емес пе, осы мерекенің арқасында біз салт-дәстүрімізді, құндылықтарымызды, ата-баба өсиетін еске алып, тәрбиелік мәні бар амалдардыбойымызға сіңіреміз. Қазіргі таңда қазақ жастарына айтылар сын басым. Себебі көбісі бұл мерекенің түк қызықсыз екенін алға тартады. Әрине қызықсыз, көңілсіз болады себебі тек Наурыз көжені пісірумен ғана шектеліп қалып жатыр. Осылай жалғаса беретін болса бұл мерекенің жәй ғана күннен айырмашылығы қалмасы анық. Ұлтвмыздың әрбір салтын құрметтейікші. Отанды сүю, ұлтты сүю, ұлт құндылықтарын сүюден басталатынын ұмытпайық.
Достарыма айтарым Наурыз мерекесін барынша көңілді, пайдалы өткізу өзіміздің қолымызда. Жақсы амалдарды жасауда жарысайық. Негізгі бұл мерекенің мақсаты айналаңдағы әрбір жанға жақсылық тілеу деп ойлаймын. Жақсылықты амалмен жасауға шамаңыз жетпейме сөзбен жасаңых. «Жақсы сөз жарым ырыс» - деп бекер айтпаған халқымыз. Сөз деп әңгімемді бастаған екенмін қазіргі қоғамдағы проблемаға зер сала кетейік.
Қазіргі таңда қоршаған ортамызда күнделікті қолданылатын сөздер арасында жағымсыз естілетін, мағынасы нашар сөздерді қолданып сөйлеу қалыпты жағдай болып бара жатқанын байқау қиын емес. Ең сорақысы бұл емес. Қынжылтатыны бұл әдет қыздар, әйелдер арасында да үйреншікті саналып барады. Ал қыз баланы халқымыз аса қадірлеп, сапалы тәрбие беруге барын салған. Неге қазір осындай келеңсіздіктер басым болып барады деген сұраққа жауап беріп көрейікші.
- Өз өзімізге деген жауапкершілікке салақтықпен қарау. Бүл дегеніміз айтылған әрбір лас сөз өміріңізге әкелетін залалдарын біле тұра немқұрайлылық таныту. Әрбір айтылған қоқыс кейпіндегі сөз өміріңіздің ырызық несібесін кемітіп, берекеден айырады екен. Атақты америкалық мотиватор Дейл Карнеги өз сөзінде айтқан «Өмірдегі жетістіктің 85% тілден яғни сіздің сөйлеу манераңызда жатыр, ал 15% алынған біләм мен ғылым» көрдіңіз бе. Бүгінгі таңда ойын жарқын, түсінікті тілде, мәдениетті түрдежеткізу былай тұрсын қарапайым сөздермен өз ойын айқын айту қиынның қиынына айналып отыр.
- Өз-өзімізді сыйламағандықтан. Өзін сыйлаған адам еш уақытта өзін қоғамда қалай болса солай ұстамайды. Өз-өзін құрметтейтін жан тіпті өзі жалғыз болса да саналы, салмақты күйде ұстайды. Лас сөздер сөйлеу арқылы сіз түп санаңызды ластайсыз немесе сіздің санаңыз ластыққа толы болғандықтан лас сөздерді қолданасыз. Өтірік деңізші, олай айта алмасыңыз мәлім.
- Өзіңіздің сұлу, нәзік, пәк жаратылыс әйел екеніңізді ұмытып кететінболарсыз бәлкім.
Айта берсек мұның салдары көп...
Түйіндей келе айтарым өз өміріңізді бақыт, қуаныш, шырай әкелер ағымға қарсы қоймаңыз. Әдемі сөйлеңіз, әдемі киініңіз, айналаңыздағы сұлулықты көре білңіз! Міне сонда ғана өміріңіз көркем болары хақ. Менің бұл сөзіммен айтайын дегенім қазақ халқының сөзге аса мән бергенін және біз ата-бабамыз қалдырған асыл мұра тілімізді ластау арқылы аманатқа қияган жасап қоюдан сақтанайық дегім келеді әрі наурыз мерекесі жаңа, таза, бақытқа толы өмір бастауға мүмкіндік беріп тұр емес пе. Жоғарыда айтқанымдай отанды сүю ұлт құндылықтарына берік болудан басталады дедім, ал біздің ең басты құндылығымыз асыл тіліміз. Елімізді сүйейік, мәдениетімізді сақтайық, халқымызға махаббатпен қарайық. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын жақсылар!
Спасибо всем за активное участие. Очень волнительно и приятно, что в этом конкурсе приняли талантливые и неравнодушные студенты, преподаватели, а также дети преподавателей.
Поздравляем с праздником весны!