Полиглот
Интеллектуальная игра «Полиглот»
Абай атамыз айтқандай: «Көп тілді білген адам - әлемдік ғылым мен білімді игереді», колледжде өткен интеллектуалды «Полиглот» сайыс сабағы соның дәлелі. 1 курс оқушылары өз білімдерін, қазақ, орыс, шетел тілдерін меңгергендіктерін әр сайыста көрсете білді.
Сайысымыздың кезеңдері:
- Өзін-өзі таныстыру (сәлемдесу, эмблема, топтың ұраны)
- Бәйге (сұрақ-жауап сайысы үш тілде)
- Үй тапсырмасы (Абай шығармаларын мәнерлеп оқу, образға ену және сахналау)
- Мақал-мәтелдер сайысы (үш тілде)
- Ой сергіту (экрандағы ұяшықтарды ашып, сұраққа жауап беру).