- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
- Кітапханалық қызметті пайдалану құқығы оқытушылық құрамға, күндізгі және сырттай оқу түрлерінің білім алушыларына, жұмысшыларға және қызметкерлерге беріледі.
- Кітапхана оқырманына кітаптар, журналдар, газеттер және басқа да бар материалдар пайдалануға беріледі.
- Оқырманға қажетті әдебиетті таңдауға және ақпараттық басылымдар мен кітапхана қорын пайдалану дағдыларына иеленуге жан-жақты көмек беріледі.
- Кітапхана жыл сайын оқырмандардың қайта тіркеуін жүргізеді. Қайта тіркеу кезінде оқырман оқу жылының соңында оның атына жазылған барлық әдебиетті тапсыруға міндетті, ал қайта тіркеуден кейін оларды пайдалана алады. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандар қарыздар болып саналады.
- Оқырман кітапханадан кітап алмайтын жағдайда атына тіркелген барлық әдебиетті тапсыруға және кету қағазын толтыруға міндетті.
- Кітапханалық қызмет түрлері тегін көрсетіледі.
- КІТАПХАНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ
- Абонементте әдебиет мерзімі бір айға беріледі:
Оқытушылық құрамға, қызметкерлерге:
Оқу – тиісті пәнді оқыту уақытына беріледі (жыл басында қайта тіркеу міндетті);
Әдістемелік – мерзімі 1 айға беріледі, ал данасы жеткілікті жағдайда - тиісті пәнді оқыту уақытына беріледі(жыл басында қайта тіркеу міндетті);
Білім алушыларға :
Бағдарлама – білім алушылардың барлық оқу уақытына;
Сабақтарда бағдарлама бойынша оқытылатын шығармалар бағдарламаға сәйкес уақытта беріледі;
Сыныптан тысқары оқуға – 15 күнге;
Мерзімдік басылымдар- саны 2 атаудан 15 күнге;
Басқа оқырмандарға – 5 данаға дейін;
Көркем әдебиет мерзімі 10 күнге дейін 5 кітаптан асырмай беріледі.
Сырттай оқитындарға пайдалану мерзімі сессия уақытына байланысты белгіленеді.
Кітаптың пайдалану мерзімін ұзарту абонемент қызметкерлері белгілейді.
Кітаптың соңғы және жалғыз данасы үйге берілмейді.
Топтың сабағында пайдаланатын әдебиет оқытушының жазба талабына байланысты абонементте беріледі және старостаның қолхатымен рәсімделеді.
Жауапкершілік оқытушыға жүктеледі.
9. Оқу залынан кітап алған кезде оқырман әр басылымның кітап формулярына қолын қояды. Оқу залынан әдебиетті рұқсатсыз шығаруға тыйым салынған. Оқу залынан ұзақ уақытқа кету кезінде оқырман барлық алынған кітаптарды кітапханашыға тапсыру міндетті. Осы ережені бұзған жағдайда оқырман бұзушылық дәрежесіне байланысты кітапхана әкімшілігінің шешімімен бекітілген мерзімге кітапханалық қызметін пайдалану құқығынан айырылады.
III. ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Оқырмандар:
а) кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға;
б) ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға құқылы.
11. Оқырман:
а) әдебиетті алу үшін сұраныс жасау және әр басылым үшін кітап формулярына қол қою;
ә) оқырман кітапты алған кезінде оның жағдайын мұқият тексеріп шығу;
б) қандай бір ақау табылған жағдайда ол жөнінде кітапханашыға хабарлау ;
Олай болмаған жағдайда кітапты бүлдіргені үшін басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді.
в) кітаптарды, басылымдарды байқап оқу және кітапханалық басқа да мүлікті ұқыптылықпен пайдалану;
г) кітапханадан алынған басылымдарды белгіленген уақытта тапсыру;
Тапсыру уақыты кешіктірілгені үшін оқырман кітапханамен пайдалану құқығынан айырылады.
д) кітапты жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін прайс-парағы бойынша оның құнын төлеу міндетті.
- Оқырманға мыналар рұқсат етілмейді:
а) кітапханаға сырт киіммен кіру;
ә) кiтапхана бөлмелерiнде тыныштық пен тәртiп бұзу;
б) кітапханадан қол қоймай кітаптарды шығару;
в) қасақана басылымдарды бүлдіру (белгi салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын бүлдіру және т.б.)
г) қызмет орындары мен кітап сақтау орындарына рұқсатсыз кіру.
- КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Кітапхана колледждің ғылыми кітапхана туралы Ережесі мен кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес оқырманға қызмет көрсетеді.
- 14. Кітапхана:
а) кітапханадан алынған кітаптарды қайтарылуын тұрақты бақылауға алуға;
ә) кітапханамен пайдалану Ережелерін бұзатын оқырмандарға айыппұл санкцияларын қолдануға (оқу залынан кітапханашының рұқсатысыз басылымды шығарғаны үшін оқырман кітапханамен пайдалану құқығынан айырылады);
б) кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес оқырманның келтірген зиянының орнын толтыру мақсатындағы басылымның нарықтық құнын белгілеуге және анықтауға;
в) оқырман жоғалтқан және бүлдірген басылымдар үшін шығынын өтемесе, кітапхана нарықтық 10 есе құнын төлетуге нотариалдық органдарға өтінуге құқылы.
- Кітапхана:
а) оқырманға кітапхананың барлық қорын пайдалануға мүмкіндік беру;
ә) кітапханада оқырман жұмыс істеуге қажетті жағдай жасау;
б) оқырманды барлық көрсетілетін қызмет түрімен таныстыру;
в) өз қоры мен көрсететін қызметін насихаттауды, кітапқа деген қызығушылықты ынталандыру, кітапханаға барлық студенттер мен қызметкерлерді тарту үшін шара қолдану;
г) оқырман талаптарын зерттеу және оны барынша қанағаттандыру;
д) кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету, кітапты насихаттауды бұл мақсатта оқырмандармен жеке және жалпы жұмыстың түрлі формаларын қолдану, сондай-ақ компьютер мен жаңа технологияларды еңгізу арқылы жетілдіру;
е) студенттердің кітапқа деген сүйіспеншілігін, өзіндік жетілуін, білімге, кітап оқуға қызығушылығын тудыру міндетті.