Студенттік театр
2015 жылы жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту және әлеуметтік кеңістікте жастардың бейімделуін дәріптеу мақсатында колледж студенттері «Инклюзивті жастар - мүмкіншілігі шектеусіз адамдар» атты әлеуметтік жобаны әзірлеп өмірге әкелді. Жоба бойынша колледжімізде Студенттік театр құрылып жұмыс істейді. Театрдың құрамы колледж студенттері мен «Рух» орталығының мүмкіншілігі шектеулі жастарынан құралған.
Бүгінде театрымыз мынадай жоғары көрсеткіштерге ие: Астана мен Алматы қалаларының университеттері мен колледждерінде 24 спектакльдік қойылымның қойылуы, көрермендер санының 80-нен 2740-қа дейін өсуі, театр құрамының 12-ден 46 студентке көбеюі және 10-нан 28-ге дейін мүмкіншілігі шектеулі жастардың қосылуы. Топ болып жұмыс істеу жастар мен студенттердің өзін-өзі бағалауларына және өз-өздерін толықтай ашуларына көптеген септігін тигізді, сондай-ақ олардың ұжымда бірлесе жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырды және ең бастысы олар бір-бірімен достық қарым-қатынасты ұстана білді.
Студенттік театр №116 және №1 мектептерде
2018 жылдың 23 ақпанында МАБ колледжінің студенттік театры мен "РУХ" мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға психологиялық көмек беру орталығының бірігуімен №116 мектеп-гимназиясында "Мен сені мәңгі сүйіп өтем..." атты қойылымы көрсетілді. Ал №1 мектеп-гимназиясында 27 ақпан күні қойылым қойылды. |
Колледж студенттері-волонтерлерХалықаралық Бизнес Академиясы колледжінің студенттері «Рух» мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға психологиялық көмек көрсету орталығында, «Кеңес» мүгедектер кешенін оңалту орталығында және «Амаль-Иман» атты қоғамдық қорында жыл сайын волонтерлік жұмыс жүргізеді. |
Р.Мунштың «Мен сені өмір бойы жақсы көріп өтемін...»
|
Театрдың жаңа жылдық дәстүріМүмкіншілігі шектеулі жастар үшін жыл сайын Жаңа жылдық шырша өткізу дәстүрге айналды. Екінші жыл қатарынан колледждегі студенттік театр актерлері Жаңа жылдық шыршаны ұйымдастырып жүр. Олар жаңа жылдық театрландырылған қойылымдар дайындайды, би кешіне арнап музыка мен ойындар тағайындайды, қонақтарға сыйлықтар дайындайды. |