ХБА КОЛЛЕДЖІНІҢ «ЖЫЛ ПЕДАГОГІ» БАЙҚАУЫ

31 Январь 2020

Кәсіптік қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтар мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында колледжде 2020 жылдың 24 қаңтарында "ХБА колледжінің  жыл педагогі"кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерінің визит карточкаларын, портфолиондарын ұсынды және "Мен – заманауи педагогпын" тақырыбында эссе жазу арқылы сөз сөйледі. Келесі кезеңде сабақ үзіндісін көрсетті. "Менің әуестігімнің әлемі" соңғы кезеңінде оқытушылар өздерінің шығармашылық мүмкіндіктері мен әуестіктерін көрсетті. «Педагогикалық шеберлік» номинациясы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Даутова Р. Н., «Педагогикалық дебют» номинациясы бойынша Серғазинова А. М., «Шығармашылық педагог» номинациясы бойынша Елисеева С. А. –ны құттықтаймыз және кәсіби жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз.

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

Студенттер біз туралы