2019 жылдың үздік педагогы

26 Апрель 2019

        3 сәуірде ХБА колледжінің кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінің оқытушысы Тасжарганов С.И. «2019 жылдың үздік жас педагогы» қалалық байқауға қатысты. Байқауда бірінші орынға  иеленуге  Алматы қаласы колледждерінің 12 оқытушысы сайысқа түсті.

        Байқауда қатысушылар 4 кезеңнен өтті: өзін таныстыру, тәлімгермен интерактивтік ойын ұйымдастыру, жюридің блиц-сұрақтарынан өту, сабақтың презентациясын көрсету.

        Байқаудың негізгі мақсаты- жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту, өзін-өзі іске асыру және оқытушыларды  мамандыққа тарту үшін жағдай жасау .

        Байқау қорытындысы бойынша Сабит Игиликович ГРАН ПРИді жеңіп алды.

        Құттықтаймыз!

"АЛМА" холдингінің білім беру сатысы

Байланыз

Студенттер біз туралы